Әдемі
Әдемі

Ақ жүзінің қызарғаны әдемі,
Көйлегінің ұзарғаны әдемі.

Төмен қарап, ұялғаны әдемі,
Артық сөзді тыя алғаны әдемі.

Кішірейіп күлімдеуі әдемі,
Кемшілігі білінбеуі әдемі. 

Ілтипатпен иілгені әдемі, 
Қарапайым киінгені әдемі.

Сұлулығын жасырғаны әдемі,
Көңілінің ашылғаны әдемі.

Әр қылығы бір өзінің әдемі,
Жұмсақтығы мінезінің әдемі.

Мейіріммен қарағаны әдемі,
Жүзінен нұр тарағаны әдемі.

Сырға толы көркем ішкі әлемі,
Сондай жардан арлы жігіт дәмелі...

Данияр Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
4 жыл бұрын 2062
1 пікір
Блог туралы