Бәйшешек тағдыр жайлы
Бәйшешек тағдыр жайлы

Жайт көрдім жүрегімді дүрсілдеткен,

Бетпе-бет келіп қалдым бір шындықпен.

Тұрсыңдар бой көтеріп қар астынан,

Өр-қайсар бәйшешектер, гүлсің неткен?!

 

Қатаң қыс қабақ шытып ызғарымен,

Қыр төсін қымтап жапқан мұз-қарымен.

Шыдадың қалай ғана, бәйшешектер,

Өзіңнің нәзік қана қыз-жаныңмен?!

 

Аяздың сұсы қандай жау сұсындай,

Ысқырған үскірік боп қамшысы ұдай.

Қасқайып тұрып едің, бәйшешектер,

Көктемнің ерте келген жаршысындай...

 

Байқадым, бәйшешектер тек өспеді,

Өмірі сорға толы егестегі.

«Кешегі Желтоқсанның» жастарының

Тағдыры көз алдыма елестеді.

 

Данияр Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
4 жыл бұрын 2266
0 пікір
Блог туралы