Бойдақ досыма Рамазандағы тілек
Бойдақ досыма Рамазандағы тілек

Көрдің бе Рамазандай мерекені?

Пенделер ізгі дұға көп етеді.

«Иманы жарты» досым, саған деген

Тілегім осы айдағы берекелі:

 

Құдайым адал жарды кезіктірсін,

(Кезігер, әрекетсіз неғып тұрсың? :-) ) 

Өміріңде орын ап көп өзгеріс,

Қатарыңның алды етіп, озық қылсын!

 

Жаннатқа қол ұстасып баратұғын,

Жанында жан тыныштық табатұғын,

Саған нәсіп болсыншы аяулы жар -

Ең үлкен сый өмірден алатұғын!

 

Мұңайсаң, көңіліңді көтеретін,

Қуансаң, саған шаттық әперетін,

Саған нәсіп болсыншы ардақты жар -

Көп-көп сәби өмірге әкелетін!

 

Болсыншы жамандықтың бәрі қашық,

Әрдайым болып жүрсін жолың ашық.

Келесі Рамазанда отырайық

Қолынан жұбайыңның ауыз ашып!

 

«Сыйласын жарды жаның медеу қылар!»

Деп тіледім, Алладай жебеуші бар!  

«Амин» - деп жанымдағы періште де, -

«Саған да нәсіп болсын» деген шығар...

 

Данияр Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
10 ай бұрын 886
0 пікір
Блог туралы