Жүректе ауру бар екенін қалай білуге болады?
Жүректе ауру бар екенін қалай білуге болады?

Дене мүшесін ол өз функциясын дұрыс атқармағанда ауру дейміз. Мысалы, қолыңыз бір затты ұстауға жарамаса, демек, ол сау емес. Жүрек те сол сияқты. Алланың разылығына ұмтылмаған, тек Одан ғана пайда не зиян көретінін сезінбеген, адамдардың пікіріне бола құбылған жүрек – ауру жүрек. Жүрек ауруларына қызғаныш, рия, такаппарлық, өз-өзін жақсы көру, адамдар арасында ерекшеленуге, бағалы болуға тырысу жатады. Соңғысына тоқталғым келеді. Қарапайым өмірден мысал келтірсек. 

Сіз бір топ адам отырған бөлмеге кіріп келдіңіз. Барлығы орындарынан тұрып, сізбен амандасып жатыр. Тек бір ғана адам шетте көңіл бөлмей отыр. Біраз уақыттан кейін әлгі кісі ләм-мим деместен бөлмеден шығып кетеді. Сондағы сіздің ол кісіге деген көзқарасаңыз қандай болады екен? Іште наразылық пайда бола ма? Байқадыңыз ба, ойша болсын, сіздің көңіл-күйіңіз сол пендеге тәуелді боп тұр. Демек, жүрегіңізде адамдар арасында абыройға, белгілі бір дәрежеге ие болуға деген ұмтылыс бар. Біз Алла алдындағы дәрежемізге қарағанда, адамдар арасындағы дәрежемізді көбірек ойлап қам жейміз. Бұны нәпсіні тазалау ілімінде жүректің үлкен дертіне балайды. Барлық адамның бойында осы ауру бар, оның емі – жүрек тұсбағдарын Аллаға бұру, онымен байланысыңды күшейту,  Одан басқа ешкім не пайда, не зиян келтіре алмайтынын терең сезіну, әр істі істер алдында жүрек сүзгісінен өткізіп, ниетіңе қарау, кім үшін, не үшін істейін деп жатырсың.  Бұл – өмір бойы күресуді, емдеуді қажет ететін рухани кесел. Жаратқанның алдына тазарған жүрекпен баруды нәсіп етсін!

 Данияр Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
4 жыл бұрын 3557
7 пікір
  • Әмин! Тамаша мысал!
    4 жыл бұрын
  • Алла разы болсын! Мықты. ..
    4 жыл бұрын
  • Ия жүрек өте сезімтал мүше. Оны жөнге салуға кейде шамамыз келмей жатады.
    4 жыл бұрын
  • Тағы да тұшымды материалдар күтеміз!
    4 жыл бұрын
  • Абай Хакім:

    Бойдағы мінді санасам,
    Тау тасынан аз емес.
    Жүрегімді байқасам,
    Инедейін таза емес.
    Аршып алып тастауға,
    Апандағы саз емес.
    Бәрі болды өзімнен,
    Тәңірім салған наз емес.
    4 жыл бұрын
  • Абай Хакім:

    Алла деген сөз жеңіл,
    Аллаға ауыз жол емес.
    Ынталы жүрек, шын көңіл,
    Өзгесі Хаққа қол емес.
    4 жыл бұрын
  • Алла разы болсын сізге, әр жазған дүниеңіз ұйықтап жатқан ойды оятып ақыретке сауап жолдап тұратын осындай құнды бола берсін.
    Қазақтың жасы кішісі, үлкені бар бәрі үлкен ойларды қозғап, рухани тазаруға керемет күш қосып жатады. Іштей шүкірлік етіп, тәубә қыламын. Түбінде еліміздің Тәңірдің нұры түскен түбін іздеп табатынына, ЕҢСЕЛІ, ЕСТІ болып кететініне үлкен үміт етемін. Кісіліктен кетіп керемет ел болып отырғандар да бар ғой, ақ періште елімді олармен бірге дүние бәйгесімен өлшеп жарыстырмай-ақ қойдым.
    Не істетесек те түпкі ниет АЛЛАНЫҢ НАЗАРЫ ТҮСКЕН ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ БОЛАШАҒЫН ЖАРҚЫН ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛСА ЕКЕН деймін.
    4 жыл бұрын
Блог туралы