Жыр жазғым келеді
Жыр жазғым келеді

Жыр жазғым келеді
Жүректі жылытатын,
Оқыған жан қайғысын ұмытатын.

Жыр жазғым келеді
Беретін сенімділік,
Сыйлайтұғын қамыққан көңілге үміт.

Жыр жазғым келеді
Емдейтін жан жарасын,
Тыңдаған жан ұмытар бар наласын.

Жыр жазғым келеді
Шамдай боп жанатұғын,
Іздеген жан жауабын табатұғын.

Жыр жазғым келеді
Маxаббат тұнып тұрған,
Оятар мейірімді біз ұмыт қылған.

Жыр жазғым келеді
Сағыныш сазы болар,
Аңсаған жан xат етіп жазып алар.

Жыр жазғым келеді
Күніге көрмей тыным.
Артымда сөз қалсын деп өлмейтұғын!

Данияр Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
2 жыл бұрын 1160
0 пікір
Блог туралы