Көңіліне қараймын деп өзгенің
Көңіліне қараймын деп өзгенің

Көңіліне қараймын деп өзгенің,
Жетім қалды айтылмай көп сөздерім.
Аз ба менің үнсіз тынып ішімнен,
Айтарымды айта алмаған кездерім?!

Жүрем дейсің ілінбей-ақ көзге онша,
Іште сыр боп бұғып жатқан сөз қанша!
Өзіңді-өзің кінәлайсың:
"Неліктен
Айтып-айтып тастамадым, созғанша?!"

Әрбір сөздің айтылатын орны бар,
Жарар едім жігіт болсам, жөнді ұғар.
Айтылмай-ақ қалсын іште сөздерім
Жүрегінде өзгенің сыз қалдырар!

Данияр Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
2 жыл бұрын 1643
0 пікір
Блог туралы