Қарапайымдылық жайлы қарапайым өлең
Қарапайымдылық жайлы қарапайым өлең

Қарапайым аспан,
Көрші бір мін тауып.
Таба алмастан еш мін,
Кетер көзің талып.

Қарапайым Ай да,
Жүзін бұрған Күнге.
Сәулесімен сүйер
Көлдің бетін түнде.

Сұлулық тұр тұнып
Қарапайым гүлде.
Алып-қосар жері 
Жоқ оның да мүлде.

Қарапайым мінез,
Жарасымды сөзі.
Адамның ең көркем -
Қарапайым кезі!

Данияр Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
1 жыл бұрын 944
0 пікір