Шынайы жеңіс
Шынайы жеңіс

Олимпиада ойындарын қарап отырып, көбіне жеңімпаздардың эмоцияларына мән берем. Жеңісті қалай қабылдайды, қандай сөздер айтады, сол қызық. Кейбіреуі көз жасына ерік береді, кейбіреуі бөркін аспанға атып, қуаныштары ішке сыймай жатады. Енді, сондай миллиондардың арманы болған үлкен жарыста жеңіске жету кімнің болса да арманы ғой. Маған бір ой келді. Бұл жеңістің бәрі уақытша. Ары кетсе бір-екі жыл тойлар. Осы қуаныш сезімі мәңгі болмайды. Өзімше "жеңіс сезімі мәңгілік болуы керек қой" деп қоям. Әйтпесе, ол шынайы жеңіс емес. Сөйтіп Құрандағы "кім Тозақтан құтылып, Жұмаққа кірсе, нағыз ұлы жеңіс сол" деген сөздер еске түсті. Қазіргі Олимпиада жеңімпаздарының қуанышына қарадым да, "аxиреттегі жеңіске ие болғандардың қуанышы қандай болады екен" деп ойлап көрдім. Ол қуаныш нағыз шынайы мәңгілік қуаныш болады. Осы өмірде Олимп шыңына шыға алмасақ та, аxиреттегі ұлы жеңіске жетуді Алла нәсіп етсін!

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
2 жыл бұрын 1749
1 пікір
  • бір факторды ұмытпау керек, булгаков айтпақшы, біз жұмыр басты пенденімз
    2 жыл бұрын
Блог туралы