Үнемшілдік жайлы
Үнемшілдік жайлы

Үнемшілдік - жақсы қасиеттердің бірі. Үнемдей білетін адам болашақ қаржылық қиындықтардың алдын алып, қарызға батудан өзін сақтайды. Жақында "Паркинсон заңымен" (аттас ауруға еш қатысы жоқ) таныстым. Ол заңға сәйкес, кіріс неғұрлым көбейген сайын шығын да соғұрлым арта береді екен. "Қанша тапсам да, жетпей жатады" дегендерді түсінгендей болдым. Расында да артық ақшамыз болғанын қанша қаласақ та, ол күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерімізден артылмай жатады. Енді қайтпек керек? Қайтсек қаржылық тәуелсіздікке қарай қадам басамыз? Меніңше бұл жерде "Паркинсон заңын" өз пайдамызға қолдануға болатын сияқты. Мәселен, сіздің айлық табысыңыз 200 мың тг делік. Демек кірісіңіз - 200 мың тг, "Паркинсон заңына" сәйкес, шығыныңыз да сол мөлшерге жетіп қалады. Ал енді болашақ бюджетті жоспарлағанда, 200 мыңның 50 мыңын арнайы есепшотқа аударам деп шешіп, ол ақшаны кіріс ретінде қарастырмасаңыз да болады ғой. Яғни, қалған 150 мың тг-ні ғана кіріс ретінде қабылдайсыз, ал 50 мың тг-ні басқа біреудің ақшасындай көресіз. Оған қол сұқпайсыз. Сонда әр ай сайын 50 мың тг артық ақша жиналып отырады, ол бір жылда 600 мың тг, 5 жылда 3 млн тг, 10 жылда 6 млн тг болады. Былайша айтқанда, 5 жыл болмай Қажылыққа баруға қажет қаражат жинай алады екенсіз. Қысқасы, қаржылық жағдайымыздың қандай болуы өзімізге тікелей байланысты екен. Сондықтан үнемшілдік сияқты жақсы әдетке үйренуіміз маңызды.

Д. Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
2 жыл бұрын 2113
0 пікір
Блог туралы