Әдемілік сыры
Әдемілік сыры

Өтті әлемге аты әйгілі мүсінші,
Өмірінен бір мысалды түсінші.

Өнеріне тәнті, ғашық бір кісі,
Талантының сырын келді білгісі:

''Мүсіндерің шеттерінен әдемі,
Айтыңызшы, қандай сыры бар еді?''

Әз мүсінші біраз тұрып ойлана,
Сұраушыға жауап қатты жай ғана:

''Айтар болсам, мұнда бәрі тым оңай,
Әдемілік сыры, досым, мынадай:

Өңделмеген тастан алғаш бастаймын,
Артық жерін қашап алып тастаймын.

Негізі осы бар шеберлік, ісімнің.
Артық жері қалмағанда мүсіннің,

Сұлулықтың қанық болып сырына,
Ұлылықтың жеттім дей бер шыңына!''

P. S.
Таразыға салар болсаң ұғынып,
Артық мінез, артық сөзің бекер ғой.
Басқада емес, әдемілік, сұлулық
Артық ісің болмағанда екен ғой!

Данияр Жiгiтбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
8 жыл бұрын 4678
0 пікір
Блог туралы