Айналадағы керемет
Айналадағы керемет

Әуез бен әсемдікке толы мына

Дүние Хақ нұрына шомылуда.

Өзендер сай-саладан ағылуда,

Толқыған көк теңіздер толығуда.

Шөлдердің қарашы бір сағымына,

Көлдердің балдыры мен балығына.

Жан-жануар жылынған шуағына

Алып Күн де біз үшін жағылуда.

Түнгі аспан еркесі ғып алтын Айды,

Күн түнді көрпесі ғып жамылуда.

Шындыққа көкірегің ашылады

Керемет жаратылыс заңын ұға.

Сәл ойлансаң көз жетер анығына:

Барлық әлем Аллаға бағынуда.

Енді не кедергі оны тануыңа?

Не кедергі Раббыңды табуыңа,

Шынайы махаббатпен табынуға?

Д. Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
8 жыл бұрын 3223
0 пікір
Блог туралы