Көздердегі мұңды,
Сөздердегі сырды
Түсінгім келеді.
Сүрінгенде, демеп,
Түңілгенге көмек
Ұсынғым келеді.
Тебіреніп жаным,
Адамзаттың бәрін
Шын сүйгім келеді!
Жауғанда мұң-жауын,
Жаурағанның жанын
Жылытқым келеді.
Мәңгі емесі мәлім,
Ғұмырымның мәнін
Шын ұққым келеді.
Елдің тілеп бағын,
Жеке бастың қамын
Ұмытқым келеді.
Жол бастайын жаңа,
Өзімді ойлап қана
Жүріппін себебі...
Данияр Жігітбек