Кердеңдеп керіліп, көп күлген кештерімде, күнәнің кір көлшігін кешкенімде, кеңшілігіңмен көрінеу-көмескі күнәларымды кешірдің, көңілімдегі кірбіңді кетірдің, Кешірушім! Көмектестің, керегемді кеңейттің, көсегем көгерді! Көзіме көптеген кереметіңді көрсетші! Көкіректердегі кібірлікті кетіріп, кішіпейілдікпен кісілік кескін-келбетімізді көркемдеші!
Д. Жігітбек