Рамазан барады өтіп...
Рамазан барады өтіп...

Рамазан барады өтіп қасқағымда,
Қимастықпен қос көзден жас тамуда...
Бұлай тез өтеріңді сезбеппін ғой,
Сағына келеріңді тосқанымда.
Түндеріңде жұлдызды аспаным да
Бөленген-ді ерекше басқа нұрға.
Бір жұтым судың дәмі өзгеше еді
Асыға ауызымды ашқанымда.
Рухымды көкке қарай жетелейтін
Санама сан ой келді аш қарында.
Алланың мейірімі төгілгендей
Мешітке қарай қадам басқанымда.
Рамазан барады өтіп қасқағымда,
Қимастықпен қос көзден жас тамуда...
Берейін енді өзіме бүгін есеп:
Бойдағы лас әдетті тастадым ба?!
Құлшылығым көп пе екен жас шағымда?!
Жаңаша нұрлы ғұмыр бастадым ба?!

Данияр Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
8 жыл бұрын 6516
1 пікір
Блог туралы