Шын ғашықпын шынайы адамдарға
Шын ғашықпын шынайы адамдарға

Шын ғашықпын шынайы адамдарға,
Мына дүние жап-жарық олар барда.
Бір сұлулық тұнып тұр 
Жасандылық
Өз ізін қалдырмаған жанарларда.

Шынайы сөз жалғанды қашық қылсын,
Шынайы күлкің шуақ шашып тұрсын.
Жасанды сөз бен күлкі қосылмаған
Боямасыз мінезге ғашықпын шын.

Елге жақсы көрініп, елену үшін
Өзге бір рөлді сомдап келемісің?!
Жасандылық керек жоқ!
Әлем үшін
Шынайы болғаныңмен әдемісің!

Данияр Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
7 жыл бұрын 7365
0 пікір
Блог туралы