Сириялық бауырларыма
Сириялық бауырларыма

Өлген адам неге өлгенін білмейді,
Өлтірген де неге өлтірді, білмейді.
Мейірімнің заңы мұнда жүрмейді,
Адамдары адамша өмір сүрмейді,
Балалары бала болып күлмейді.

Қос жанардан жас емес, қан төгілген,
Күнде-күнде қауышатын өліммен,
Мұң арылмай жараланған көңілден,
Басқа пана таппасаң өз жеріңнен,
Өлім жақсы деген осы-ау өмірден.

Сириялық бауырларым!
Аз ба тағдыр тәлкегіне төзгенің?!
Жүрегіңнің ауырғанын сезбедім.
Ең болмаса, түнде тұрып, дұға қып,
Тәһәджудте көл болмады көздерім.
Нәр таба алмай аш жүргенде өздерің,
Айып менің тойып жеген кездерім!
Кешіріңдер! 

Данияр Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
8 жыл бұрын 4164
0 пікір
Блог туралы