Түсінбейді мені ешкім,
Маған керек көмек шын.
Жай ғана Аллам айтқандай:
«Бәрін сүю керексің!»
Ұмытса дос уәдесін,
Жөн бе жанып-күюім?
Ашулансам не істеймін?
«Керек оны сүюің!»
Аманат қып айтып ең,
Сырыңды дос сақтап па?
Бүкіл елге жайса да,
Сүюді сен тоқтатпа!
Ешкім сені сүймейді,
Дос қылмайды, бөлексің.
Сондай күйге түссең де,
ӨЗІҢ сүю керексің!
Кешіре алмай өкпені,
Түссе көңіл-күй егер.
Қалсаң да оны жек көріп,
Қайтадан сүй, сүйе бер!
Бәрін, Алла, түсіндім,
Өзіңнен шын сұрайын:
Маған қиын Өзіңсіз,
Сүюді үйрет, Құдайым!
Өмірімде махаббат
Жетіспейді, соны ұқтым.
Махаббатты иләһи
Маған, Алла, дарытқын!
Қандай қиын өзгеру,
Күшім де аз, біліп ем.
Өзгерте гөр мені, Алла,
Тек Өзіңе жүгінем!
Данияр Жігітбек
15.04.15
PS: Бұл - Ольга Майдың "Разговор с Богом" атты өлеңінің аудармасы. Ольга Май көбіне христиандық тақырыпта жазады. Мен соны мұсылманшалап тәржімалап көрдім.
«Керек оны сүюің!» (жауыбымен тынышталды жүрегім)
Өзгерте гөр мені Алла, тек өзіңе жүгінем!