100 жасар Өзімнің маған берген ақылы
100 жасар Өзімнің маған берген ақылы

Не істедің, неге жеттің жиырмаңда,
Әлемге дайындаған сыйың бар ма?
Керегеңді өзгеден кең қылуға,
Белді бу да, шық бірден қиын жолға!

Өмірде дос та көрдім, қас та көрдім,
Қадамы нық, арманы асқақ ердің.
Талабың тау бұзардай боп көрінген
Тарихи ерлік жасар жасқа келдің.

Қай кезден өлім бүгін таяу маған,
Өмір деген уақытша аялдамаң.
Ғұмыры ұзақ, бақыты баянды адам –
Өлімге күнде бір сәт ой арнаған.

Көз салшы өмір-мұхит алабына,
Жас шақта дамылдауға болады ма?
Тәуекел кемесімен арманыңды
Желкен ғып, аттан бақыт аралына!

Данияр Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
9 лет назад 3743
1 комментарий
  • Қайта жастар тәуекелшіл болады емес па. Отыздан асқанда қайта қорқақ болып бара жатырмын.
    9 лет назад
О блоге