Ақ жүзінің қызарғаны әдемі,
Көйлегінің ұзарғаны әдемі.
Төмен қарап, ұялғаны әдемі,
Артық сөзді тыя алғаны әдемі.
Кішірейіп күлімдеуі әдемі,
Кемшілігі білінбеуі әдемі.
Ілтипатпен иілгені әдемі,
Қарапайым киінгені әдемі.
Сұлулығын жасырғаны әдемі,
Көңілінің ашылғаны әдемі.
Әр қылығы бір өзінің әдемі,
Жұмсақтығы мінезінің әдемі.
Мейіріммен қарағаны әдемі,
Жүзінен нұр тарағаны әдемі.
Сырға толы көркем ішкі әлемі,
Сондай жардан арлы жігіт дәмелі...
Данияр Жігітбек
Әдемі
|

1 комментарий
-
Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТӨлеңіңіз де әдемі екен!10 лет назад
О блоге
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."2 года назадБөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."2 года назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."2 года назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."2 года назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."2 года назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."2 года назад2025, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.