Алла кімді киімге теңеген?
Алла кімді киімге теңеген?

Құранда «Бақара» сүресінің 187-аятында: هُنَّ لِبَاسٌ لَّكُمْ وَأَنتُمْ لِبَاسٌ لَّهُنَّ «Әйелдерің сендердің киімдерің, сендер де олардың киімдерісіңдер» − деген сөздер бар.

Осы аяттағы ''киім'' сөзінің қолданылу хикметіне ой жүгіртіп көрдім. Жалпы киімнің 3 негізгі функциясы бар екен: (1) ұятты жеріңді жауып, жасырып тұрады; (2) жаурасаң жылу болады; (3) көрік береді. Жаратушының жұбайлардың дәл осылайша бір-біріне киім сияқты екенін айтып, теңегені қандай ғажап! Шынында да солай ғой: әйелің/күйеуің (1) сенің кемшіліктеріңді жасырып тұрады, бір-біріңді толықтырып тұрасыңдар; (2) өмірдің қиын-қыстау кездерінде, аспанда бұлт үйіріліп, жүректер мұздағанда, жылы сөз айтып, қолдайды, жаныңа жылу сыйлайды; (3) қоғамда көркің болады, сәніңді келтіреді, абыройыңды арттырады.
Киімдеріміз таза, әдемі, ыңғайлы болсын! :)

Данияр Жiгiтбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
9 лет назад 3764
2 комментария
О блоге