Бауырлар, Құран оқиық!
Бауырлар, Құран оқиық!

Бауырлар, Құран оқиық,
Жарысып бір-бірімізбен,
Жәннатқа озып жеткенше.

Бауырлар, Құран оқиық,
Қолдағы мусхафтарымыз,
Жыртылып тозып кеткенше.

Бауырлар, Құран оқиық,
Періште қос иықтағы,
Сауабын жазып біткенше.

Бауырлар, Құран оқиық,
Құранның шапағатыменен
Жәннатқа, шаттыққа еніңіз.

Бауырлар, Құран оқиық,
Оқиық шын жүрекпенен
Шыққанша ақтық деміміз!

Д. Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
9 лет назад 4864
2 комментария
  • Ақын болу, яғни иманды ақын болу - керемет дүние ғой түсіне білгенге. Тек өте мұқият болған жөн. "Сөзде сиқыр бар",-делінген хадисте (Бухари) . Сөзді орынды қолданып, имандылыққа уағыздайтын осындай өлеңдер көбейіп келе жатыр. Кейбір мәдениетен жұрдай бауырларымыз Құрандағы : "Ақындарға тура жолдан адасқандар ілеседі",- (Шуғара 224-аят) деген аятқа сүйеніп, ақындық қабілеттерін тұншықтырып және онымен қоймай өзгелерге де өлең шығаруға тыйым салып жүр. Юұл әсте қате және бұл аяттың тәпсірін оқымаудан туындаған надандықтың анық көрінісі. Али ибн Абу Толиб, имам Шафи және өзге де сахабалар мен имамдар ақын еді. Иншалла, Данияр бауырым, осы ісіңізді жалғастыратын болсаңыз дәл осындай сарынмен қатып қалған көз жастарды жібітіп, тасқа айналған жүректерге мейірім сыйларсыз!
    9 лет назад
О блоге