«...Бұл істе пікір жүргізушілер үшін үлкен белгілер бар»

«Алланың құдіретінің белгілерінің бірі сендерге олардың жанында тыныштық табуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратты. Және сендердің араларыңда сүйіспеншілік пен мейірім жасады. Шын мәнінде бұл істе пікір жүргізушілер үшін үлкен белгілер бар» (Қасиетті Құран, "Рум" сүресі, 21-аят)

Осы аят жайлы ойланып жүріп, өзім төмендегідей қорытындылар шығардым:

1. Ер мен әйел арасындағы махаббат, мейірім сезімдерін орнатушы - жалғыз Алла. 
2. Аяттағы сөйлемдердің орналасу реттілігіне назар аударса, махаббат, мейірімнің пайда болуы жұбайлық өмірге қадам басқаннан кейін болатыны көрінеді. Яғни, шын сүю тек адал некеден кейін ғана орнайды. 
3. Бұл мәселеге пікір жүргізу керек. Бұл - Алланың ғаламаты.

Әзірге осы...Мүмкін Алла осы аяттың өзге де хикметтерін көруге санамды ашса, бөлісе жатармын. Құран - сарқылмас қазынамыз.

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
8 лет назад 3570
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир