Хафиз болам деушілерге Фахд әл-Кандаридің кеңестері
Хафиз болам деушілерге Фахд әл-Кандаридің кеңестері
  1. Ниетіңіз түзу, ықыласыңыз таза болсын: Құран жаттағаныңызда тек Алланың разылығын табуды көздеңіз.
  2. Алладан Құранды жаттап, сақтап жүруге көмек сұраңыз, дұға қылыңыз.
  3. Күнәдан аулақ болыңыз, өткен күнәларыңыз үшін тәубе қылыңыз.
  4. "Құранды толық жаттап алам" деп мақсат қойыңыз.
  5. Әрбір күніңізде Құран жаттауға уақыт бөліңіз.
  6. Кері тартатын пессимист жандардан аулақ болыңыз.
  7. Құранды ұстазбен жаттаңыз.
  8. Жоспар құрыңыз: күніне 2 беттен жаттап отырсаңыз, 1 жылда Құранды толық жаттап бітеді екенсіз, 1 беттен - 3 жылда, 1/4 беттен - 5 жылда, т.б.
  9. "Қайталау - білімнің анасы": күн сайын 1 пара, апта сайын сол аптада жаттағаныңызды, ай сайын кемінде 5 пара қайталаңыз.
  10. Құранға амал етіңіз.
  11. Ізгілердің өмірбаянын оқыңыз.
  12. Оқылып жатқан аяттардың тәпсірін оқып, мағынасын біліп алыңыз.
  13. Құран жаттауыңыз аз болса да, тұрақты болсын.
  14. Құран кітаптың бір нұсқасын алып жаттаңыз, әр түрлі басылымдарда Құран әр түрлі бет санымен берілген.
  15. Таң намазы уақытында жаттаңыз, бұл - Құран оңай жатталатын уақыт.
  16. Ұйықтар алдында Құран жаттаңыз: санаңызда ұзақ сақталады.
  17. Жаттағаныңызды нәпіл намаздарда оқыңыз.
  18. Құран жаттауда бір досыңызбен екеуара жарыс ұйымдастырыңыз.
  19. Жүрекпен, жақсы көріп жаттаңыз.
  20. Жаттағаныңызды тез жатқа айтып шығуға тырысыңыз, бұл сенімділік береді.
  21. Жаттағаныңызды өзіңізге ұнайтын қаридың орындауында тыңдап шығыңыз.
  22. Жаттағаныңызды дәптерге жазып көріңіз: жадыңызда ұзақ сақталады.
  23. Бір бет жаттап болған соң, сол бетті кемінде 15 рет қайталап оқып шығыңыз: еске түсіргенде жеңіл болады.
  24. "Құран хафизы түнде танылады": түнгі намазда Құран оқыңыз.

PS: Бұл кеңестерді Фахд әл-Кандаридің youtube-тағы "Құранмен саяхаттаушы" ("Путешественник с Кораном") бағдарламасын қарау барысында жазып алған едім. Барлығы 30-сериядан тұрады, әр сериясы шамамен 18 минуттан. Қарап шығуға кеңес беремін. Өз басым хафиз (Құранды бастан-аяқ толық жатқа білетін адам) болу тек таңдаулылардың қолынан келеді деп ойлайтын едім. Сондай-ақ Құранды толық жатқа білгің келсе, кішкентай кезден бастау керек деп санайтынмын. Алайда осы бағдарламаны көріп шыққаннан кейін, ойым 180 градусқа өзгерді. Құран жаттауға кез келген жаста кіріссеңіз де, кеш емес. Бұл біз ойлағандай аса қиын шаруа да емес екен. Тек ниет, ықыласыңыз болса, болды. Құранмен саяхатты әлі бастамаған болсаңыз, дәл қазір сәті кеп тұрған сияқты! :)

Данияр Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
9 лет назад 8153
2 комментария
  • Бұл бағдарламаны әдетте өзімше уақыт ұтайын деп кешке ыдыс жуып жүрген уақытта қарайтынмын) Әр сериясын көрген сайын "мына кеңесті жазып алуым керек екен" деп ойлаймын, бірақ мүмкіндік болмай қалады. Сосын кейін қайта қарап, керек жерлерін жазып алам ғой деп жүрсем, Данияр бәрін жазып, бізге дайындап қойыпты, ма ша Аллах! Ниетімдегі дүниені алдымнан шығарған Аллаға мақтау болсын!
    9 лет назад
  • Мен де сіз сияқты ойлаушы едім. Рас, осы сайттағы жазбалардан соң Құранды оқып, тыңдауды қайта бастадым.
    Алла разы болсын.
    9 лет назад
О блоге