Жігерді жану жыры
Жігерді жану жыры

Дәмін сезбес жеңістің
Жеңілмеген өмірде.
Жеңілістер жемісі -
Жеңіс деген тегінде.
Арманыңның жолында
Барыңды сал, ерінбе!
Сынағы көп тағдырдың
Сыз қалдырар көңілде.
Түсіруге қолыңды
Шақ қалғанда, берілме.
Тоқтайды адам жеңіске
Сәл-ақ қалған жерінде.
Қиындықпен бар бірге
Бір жеңілдік кемінде.
Күнің туар сенің де
Тұрар жеңіс төрінде.
Күш болғанмен адамда,
Сенім аздау көбінде.
Жеңімпаздың бар күші
Жүректегі сенімде!
Сене біл де, жеңілме!

Данияр Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
8 лет назад 5560
1 комментарий
  • сіздің өлеңдеріңізден тақуалыққа деген ұмтылысты байқағандай болдым, қарағым. тақуалыққа деген талпынысың бек қуантып отыр мына ағаңды. осы алған бетіңнен қайтпа, қажыма, иә, иә, тек алға бас бер, аумин
    8 лет назад
О блоге