Кешірім жайлы
Кешірім жайлы

Өзгелер өкпелеткен
Өмірде сәттер өткен.
Жұп-жұмыр жүрегімде реніш сақтап
Сан сағат текке кеткен.

Қиыны-ай кешірудің,
Өткенді өшірудің!
Одан да қиын маған өкпе арқалап
Өтсе егер осы күнім.

Ақтамай сенімімді,
Қалдырдың көңілімді.
Досым-ау, өзегімнен теуіп бүгін
Еттің ғой мені мұңды.

Ойға кеп небір күмән,
Әрнеге көңіл бұрам.
Көрінсе бір қылығың маған ерсі,
Емес ол сенің кінәң.

Тақпаймын ісіңе мін,
Мен мінсіз кісі ме едім?!
Әркімнің шалт басуға құқығы бар,
Мен сені түсінемін!
Кешіремін! 

Данияр Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
8 лет назад 6896
0 комментариев
О блоге