Күтпеген қонақ
Күтпеген қонақ

Бейқамдықпен өткіздің тағы бір күн,
Ұйқышыл боп кетіпсің, бауырым, тым.
Есігіңді тұр екен біреу қағып,
Әрең тұрдың орныңнан: ''Тағы бұл кім?''

Есігіңді қағып тұр кім манадан,
Жөн болар жақын барып бір қараған.
СөйтІп көрсең, Мұхаммед Пайғамбар ғой
Саған қонақ боп келіп тұрған адам.

Күтпегенің келер деп бұл жан мәлім,
Алып ұшып, алаңдап тұрды-ау жаның.
Еске түсіп бейәдеп журналдарың,
Тығамын деп асықтың жылдам бәрін.

Бөлмеңде музыка тұр даңғырлаған,
Жөн ғой оны қосылу қалдырмаған...
Болдым-ау деп есікті ашып қалсаң,
Кетіп қапты қонағың...
Қалдың қараң.

Сен әлі бұл өмірге келмегенде,
Жүрегі Оның езілді сен дегенде.
Қазір келсе Пайғамбар ортамызға,
Бауырым, дайынбыз ба сен де, мен де?!

Данияр Жігітбек
22.09.2016

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
8 лет назад 51250
0 комментариев
О блоге