Жүрегіме жылулық берер мекен,
Мекке, сені мен енді көрер ме екем?...
Ақынның сағынышы өлеңде екен,
Сағыныштың жалыны сөнер ме екен?
Түндерде көзімнен жас төктім бе екен,
Қол жайып, көптеп дұға еттім бе екен..
Көңілім саған ауған,
Мен өзіңде
Жүрегімді қалдырып кеттім бе екен..
Данияр Жігітбек
20.04.2016