Өтіп жатыр күндерім
Өтіп жатыр күндерім

Бір-біріне ұқсаған
Өтіп жатыр күндерім.
Армандарым арман боп,
Дәптерімде тұр менің.
Ағыспенен жүзгенге
Ұқсайды өмір сүргенім,
Бір аралға, әйтеуір,
Жетемін деп жүргенім.
Қызық көріп, мәз боппын,
Дүниенің дүрмегін.
Қайтып келмес уақыттың
Қадірін де білмедім.
Қайтарады текке өткен
Уақытымды кім менің?!
Бір-біріне ұқсаған
Өтіп жатыр күндерім.
Сағаттарым санаулы,
Өмір, неткен құнды едің!
Өзімді-өзім тапсам деп,
Өзгергім кеп жүр менің!

Данияр Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
8 лет назад 6404
0 комментариев
О блоге