Өтіп жатыр өмірім...
Өтіп жатыр өмірім...

Өтіп жатыр өмірім...
Өмірім белестермен бедерленген.
Не болар деп ертеңім елеңдеумен,
Маңдайға жазылғанға көнем деумен,
Тағдырдың сан сынағын көрем деумен.

Өтіп жатыр өмірім...
Соқтықпалы, соқпақты келем жолмен.
Болады бәрі жақсы, сенем деумен,
Қызықты талай алда көрем деумен.
Өзгерем ертең деген желеулермен.

Өтіп жатыр өмірім...
Мәз болып несібеме дереу келген,
Жаратқан ұзақ ғұмыр берер деумен.
Үлде менен бүлдеге бөленгенмен,
Қам жемедім бір күні өлем деумен,
Өмірім үшін жауап берем деумен...

 Данияр Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
8 лет назад 5632
0 комментариев
О блоге