Қадыр түнін қай түннен іздейміз?
Қадыр түнін қай түннен іздейміз?

Хадистерге сүйенсек, Қадыр түні Рамазан айының соңғы он түнінде жасырылған. Ең ықтимал уақыт – тақ түндер, яғни 21, 23, 25, 27, 29 түндер, ал оның ішіндегі ықтималдығы ең жоғарысы, Имам Әш-Шафиғидің пікірінше 21, 23 және 27 түндер. Имам Ән-Нәуауи бұл түн жыл сайын әр түрлі уақытта келетінін айтқан. Осы пікірге сүйеніп, имам Әл-Ғазали және басқа ғалымдар Рамазан айының алғашқы күніне қарап, Қадыр түні қай түнге сәйкес келетінін білуге болатынын айтқан, яғни оразаны жексенбі немесе сәрсенбі ұстай бастаса, онда Қадыр түні Рамазан айының 29 түні болады (28-нен 29-на қараған түн), егер ораза дүйсенбі басталса, онда Қадыр түні Рамазан айының 21 түніне сәйкес келеді, егер сейсенбі немесе жұма болса, онда 27-түн, егер сенбі болса, онда 23-түн.

Шейх Әбул-Хасан айтады: «Балағатқа жеткеннен бері өмірімде осы қағиданы ұстанып келемін, және бірде-бір Қадыр түнін өткізіп алмадым».

[ «И’анату Ат-Талибин» ]

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
8 лет назад 6990
3 комментария
О блоге