Құдайдан қорқу
Құдайдан қорқу

Құдайдан қорқу - қазаққа қатты қажет қасиет!

Құдайдан қорыққан қоғамға қиянат, қылмыс қылмайды!

Құдайдан қорыққан қолындағы Қасиетті Құранның қарар-қағидаларын қастерлейді, қайтарғандарынан қайтады!

Құдайдан қорыққан қолдағысына қанағат қылады.

Құдайдан қорыққан қарттарды қадірлейді, құрметпен қарайды, қарындастарын қолдайды, қамқорлықпен қарайды.

Құдайдан қорыққан Қарашаңырағын қасық қаны қалғанша қас-дұшпандардан қорғайды!

Құдайдан қорыққан Құдайдың қалағанын қабылдайды, қайғыға қамықпайды!

Құдайдан қорыққан қабір, Қиямет қиыншылықтарынан, құрдымға құлаудан құтылады!

Құдайдан қорқайық, қадірлі қауым!

Данияр Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
9 лет назад 6376
3 комментария
О блоге