Рамазан әл-Бутидің бойдақтарға кеңесі
Рамазан әл-Бутидің бойдақтарға кеңесі

Бірде бір жігіт заманымыздың ұлы ғалымы Рамазан әл-Бутиге кеңес сұрап келеді. Жігіт үйленуді қатты қалайды, алайда материалдық жағдайы жанұя құруға мүмкіндік бермей жатқан еді. Ғалымның кеңесі қарапайым болды. Ол Құранның келесі аяттарын оқып берді: «Кімде-кім Алладан қорықса (тақуалық қылса), Алла оған міндетті түрде шығатын жолды көрсетеді. Сондай-ақ оны күтпеген жерден ризықтандырып қояды...» («Талақ» сүресі, 2-3 аяттар).

Жас жігіт ойға батты. Былай қараса, харам істен аулақ, зина жасамайды. Енді қайтіп тақуалық қылуы керек? Ол сатушы еді. Сөйтіп ол әрбір амалына көңіл аудара бастады. Заттарды іріктегенде, жақсысын қалдырып, жарамсызын шетке ысырды. Саудада әр ісін жіті қадағалап, Алланың қаһарына ұшырап қалмайын деп тақуалық қылды. Өз жұмысшысының бойындағы оң өзгерістерді басшысы да байқады. Бір күні ол жас жігітті үйін жөндесуге шақырды. Үйді әктеп, жиһаздарды орналастырып, бәрін мұнтаздай етіп қойды. Жұмыс бітті. Үйден шығып бара жатып, бастығы ойламаған жерден былай деді: «Бұл үй ендігәрі сенікі. Беймарал тұра бер. Соған қоса, саған өз қызымды да беріп жатырмын. Бақытты болыңдар!»

Не деген керемет мысал! Осындай ерекше формада өмірден көрініс тапқан Алланың сөзі не деген ғажап!

Данияр Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
9 лет назад 4667
1 комментарий
О блоге