5 нәрсенің қадірі
5 нәрсенің қадірі

Орындап Алланың әмірін,

Біліп жүр бес нәрсе қадірін.

Бірінші – бір-ақ рет берілер

Өлімге дейінгі өмірің.

 

Екінші – байлық пен тоқшылық,

Басыңа келместен жоқшылық.

Үшінші - бағың бұл – денсаулық,

Бағалай бермейтін көпшілік.

 

Төртінші – жастығың жалынды,

Қарттық кеп таңғанша тәніңді.

Бесінші – бос уақыт,

Тіршілік

Байламай тұрғанда қолыңды.

 

Орындап Алланың әмірін,

Біліп жүр бес нәрсе қадірін.

Алланың бағалап нығметін

Өтуге

Жетер ме сабырың?

Данияр Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
9 жыл бұрын 4553
0 пікір
Блог туралы