Көңілің түсіп, қамыққаныңда,
Жабырқау тартып, жабыққаныңда,
Алланы еске ал!
Қауіп-қатерге жолыққаныңда,
Шығар жол таппай, тарыққаныңда,
Алланы еске ал!
Түрмеге тағдыр тоғытқанында,
Ертеңіңді ойлап қорыққаныңда,
Алланы еске ал!
Батқанда жаның тамұққа, мұңға,
Шығаратұғын жарыққа, нұрға
Алланы еске ал!
Данияр Жігітбек