Пайғамбарды сағыну
Пайғамбарды сағыну

Анталап жан-жағынан жауы бүгін,

Халі мүшкіл мұсылман қауымының.

Жүректі қынжылтады ұлы діннің

Келмеске кеткені алтын дәуірінің:

Бірінің қабырғасы қайысқанда,

Жұмыла көтеретін бәрі жүгін.

Қылышын қынабынан суыратын,

Бір тал шашы түссе егер бауырының.

Бойымызға қорқақтық дендеп еніп,

Ойымызда тіршілік қамы бүгін.

Тасасында тығылған қара үйінің,

Сәбиінің елемей зары-мұңын.

Шіркін-ай, көрсем еді бір сағатын

Саңлақ сахабалар дәуірінің.

Жүректі тербетуде әлі де үнің,

Бұл жыр, Нәби, өзіңді сағынуым...

Данияр Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
9 жыл бұрын 4596
2 пікір
  • Жылаттыңыз ғой, Данияр((( Мен де қатты аңсаймын...
    9 жыл бұрын
    • Бұл 2012 жылы Израиль Палестинаны бомбалағанда, бүкіл әлем үнсіз боп, мұсылмандардың шарасыз күйін көргенде туған өлең еді. Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде мұсылмандар қандай қуатты еді. Соны сағынып жазылған жыр бұл.
      9 жыл бұрын
Блог туралы