Әрбір жан татады екен өлім дәмін,
Артта тастап өмірдің көңілді әнін.
Жетер ме екем «кісілік» деген шыңға
Өтер ме екем түсініп өмір мәнін.
Жауаптан қаша алмассың, есеп бермей
Жаратқан бергенменен тегін бәрін.
Амалым менің кепіл бола алар ма
Жаннаттың аралауға небір бағын?
Күні-түн сұрайтыным - болмаса екен
Мен үшін дайындалған орын – жалын.
Үміт пен қорқыныштың арасында
Кеудемнен бір күн шығар менің жаным.
Д. Жігітбек