Басшыға бағыну
Басшыға бағыну

Басшыға бағынбаған ұрандайды,
Шығарған шешімдерін құп алмайды.
Басшыны бізден үстем етіп қойған
Алланың даналығын ұға алмайды.
Кейбіреу өз нәпсісін басшы етіп ап,
Бір бүлік шығармаса, тұра алмайды.
"Өлімнен фитна жаман" деген сөз бар,
Ел басына орнайды бұдан қайғы.

Пікірлеп Сүннет жайлы, Құран жайлы,
Мұсылман сабырменен ұғар жайды.
Себебі ол "Басшыңның ісін неге
Түзетпедің?" деп Ертең сұралмайды.

Данияр Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
8 жыл бұрын 5699
1 пікір
  • Данияр өлеңіңіз жақсы екен. Бірақ сіз мұны жер мәселесіне қатысты халықтың наразылығына қарсы бағыттап айтқан болсаңыз біржақты ойда қалмауыңызды сұраймын. Себебі, әркім басына түспей бұл мәселенің түбіне жете алмайды. Өзіңіз ойлаңыз атам заманнан мал өсіріп ауылда өзіңіз сияқты қазақ балаларының өзегі болып отырған қазақ отбасының өрісі мен тынысы тарылып бара жатыр. Қай заманда да әділетсіз басшылар болған ғой халық оған қарсы шығып өзін қорғап отырған. Өз елін қорғаудың маңыздылығы қасиетті кітапта да қолдау табады. Ел мен жерді қорғау мен бүлік шығаруды шатастырмаған жөн.
    8 жыл бұрын
Блог туралы