Бауырлар, Құран оқиық,
Жарысып бір-бірімізбен,
Жәннатқа озып жеткенше.
Бауырлар, Құран оқиық,
Қолдағы мусхафтарымыз,
Жыртылып тозып кеткенше.
Бауырлар, Құран оқиық,
Періште қос иықтағы,
Сауабын жазып біткенше.
Бауырлар, Құран оқиық,
Құранның шапағатыменен
Жәннатқа, шаттыққа еніңіз.
Бауырлар, Құран оқиық,
Оқиық шын жүрекпенен
Шыққанша ақтық деміміз!
Д. Жігітбек