"Міне, енді өзгереміз"
Деп күніге сөз береміз.
Өзімізді жиі алдаймыз,
Алдаймыз да, ұялмаймыз.
Өзгерісті талап етер,
Судай ағып заман өтер.
Ұнаса да құры жатқан,
Өкініштің жүгі - батпан.
Қылаң берсе алдан арман,
Жөн болмайды жолда қалған.
Басталады шын ұлылық
Өз-өзіңді алдамаудан!
Данияр Жігітбек