Өзгені ойлап, жасап жүрген әр ісің
Өзгені ойлап, жасап жүрген әр ісің

Өзгені ойлап, жасап жүрген әр ісің
Ахиретте береді екен жемісін.
Өтелгендей мұқтаждығың рухани
Мұқтаждарға созғаныңда қол ұшын.

Қолда барды өзгелермен бөлісу –
Жаны жайсаң жомарттардың жолы шын!
Жыртығына жамау болу кедейдің –
Мойныңдағы бір адами борышың!

Кімге керек жетістігім, табысым?!
Ұққым келді ғұмырымның мәнісін:
Шын бақытқа жеткізеді пендені
Өмір сүру өзгелердің қамы үшін!

Данияр Жiгiтбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
8 жыл бұрын 3562
3 пікір
  • Расымен де, көптеген психологтар адам өзге бір адамның қажетіне жараса, соны қуантса бақытты бола түседі дегенді қазір жиі айтып жүр. Ал біздің дінімізде бұрыннан бар нәрсе. Әлхамдулиллаһ! Сол ойды өлеңге сыйғызып бергеніңіз үшін көп рахмет!
    8 жыл бұрын
  • Жарайсың, Данияр!
    8 жыл бұрын
  • Бәрекелді!
    8 жыл бұрын
Блог туралы