Өмірімнің қай сәтте үзілерін ойласам...
Өмірімнің қай сәтте үзілерін ойласам...

Өмірімнің қай сәтте үзілерін

Ойласам, бозарады жүз-іреңім.

 

Әйтеуір бір татамыз өлім дәмін,

Мәңгі ара-ламаймыз өмір бағын.

 

Мұншалық болар ма еді ажал жақын,

Ертеңге үміт үлкен ғой адамда тым.

 

Үні жоқ өлім бізге болды сабақ, 

Елестеттім, "мүмкін бұл соңғы сағат"?

 

Өткінші екен бұл өмір, жалған екен,

Қызығына алданып қалған екем...

 

Әмірлерін Алланың ұмытыппын,

Жанымды бос үмітпен жылытыппын.

 

Жүз жыл ғұмыр жасардай жоспар құрдым,

Қабірге бармайтындай асқақ жүрдім.

 

Өмірге өлу үшін келген екем,

Қара жердің астына мен де кетем.

 

''Тек ізгі іс қылам, Аллам, қайтара гөр''

Деп пенде, өлім келсе, айта берер.

 

Қорқамын мен де сондай күй кешем деп,

Сұраймын Тозағыңда күймесем деп.

 

Аллаһым, кешіре гөр күнәмді көп,

Айта алман ісім саған ұнамды деп...

Келмей тұрған кезінде жан алқымға,

Қабыл етші жасаған дұғамды тек!

 

Данияр Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
9 жыл бұрын 4478
3 пікір
Блог туралы