Пайғамбарды сағынған ағаш
Пайғамбарды сағынған ағаш

Есімің тербейді әлемді,

Жыр жазам сағынып сені енді.

Нәбиім, сағыныш сазымен

Жолдаймын салауат, сәлемді!

 

Бір ғажап оқиға білуші ек,

Сыр шертіп, бөліскен дұрыс ед:

Пайғамбар құтпаға шығатын

Мешітте бір ағаш тұрушы ед.

 

Сахаба-саңлақтар ер еді,

Нәбиді тым жақсы көреді.

Көпшілік көрсін деп құтпасын,

Биіктеу мінбер сап береді.

 

Нұрлы етіп әлемін фәнидің,

Шыққаны сол еді Нәбидің,

Бір мұңды үн тұнды мешітте

Жылауы секілді сәбидің.

 

Бұл –  үні ағаштың баяғы,

Үстінде тұрушы ед аяғы.

Жүрегі елжіреп, Пайғамбар,

Қасына ақырын таяды.

 

Жаны жоқ ағашты тыңда жай:

«Нәби» деп жылауы бұл қалай?!

Бір-екі қадам жер алыстап,

Кеткенін сағынып тұрғаны-ай...

 

Бұл терең оқиға мәнін ұқ,

Пайғамбар біз үшін жан ұлық!

Жаны жоқ бұл ағаш сияқты, 

Біз ше Оны жүрміз бе сағынып?!

 

Данияр Жігітбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
8 жыл бұрын 5171
1 пікір
Блог туралы