Қари болғым келеді...
Қари болғым келеді...
(Мұқағали Мақатаевтің «Сәби болғым келеді...» өлеңіне еліктеп)

«Құс та болғым келмейді қанатым бар, 
Қанатым бар күмістен жаратылған». 
Қари болғым келеді, қари болғым,
Жүрегінде Құраны дара тұрған.

«От та болғым келмейді жылуым бар,
Жылуым бар, керек пе, жылыныңдар». 
Қари болғым келеді, қари болғым,
Құран үнін сезініп, ұғыныңдар!

Қари болғым келеді, қари болғым,
«Оқы» деп бұйырылған Нәбиге ердім.
Сөзін жаттап, сіңіріп жүрегіме,
Жаратқанды келеді тани бергім! 

Данияр Жігітбек

 

 
Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
8 жыл бұрын 6173
1 пікір
  • Жүректегі тілек, ниет Мұқағалидың өлеңімен үйлесіп, әдемі өлең боп өріліпті. Тамаша! Ниетіңізге жетіңіз!
    8 жыл бұрын
Блог туралы