Сен Алламен тілдескенде...
Сен Алламен тілдескенде...

Сен Алламен тілдескенде, ұялы телефоныңның бірлігін толтыруға мәжбүр болмайсың! Ол "Сөздерімді дұрыс түсінбей қалады-ау" деп қорқып, айтқаныңды қайталауың қажет емес, себебі Ол сені онсыз да түсінеді. 

Саған "Мазалағаныма кешір, бір минут уақытыңды бөле аласың ба?" деп айтудың керегі жоқ. Сондай-ақ ең маңыздысы не екенін білесің бе? Ол сені есту үшін дауысыңды көтерудің еш қажеттілігі жоқ. Ол сен ештеңе айтпасаң да, не айтқың келгеніңді біледі.

Жалғыз Оған ғана барлық сырыңды қысылмай айта аласың ...ең қызығы, Ол бұның бәрін де біледі, бірақ Ол сонда да сені тыңдайды және бұл Оны жалықтырмайды, және Ол саған "Біз бұл жайлы сөйлестік қой" немесе "Біз бұны жүз мәрте талқыладық, бұл жайлы енді сөз қозғама" деп ешқашан айтпайды. 

Жалғыз Оның алдында ғана көзіңнің жасын сығуға қысылмайсың. Онымен кез келген қалаған уақытыңда оңаша қала аласың.

Сен Онымен бір рет те кездеспесең де, Оны бұрыннан жақсы көресің.
Ол да сені бұрыннан жақсы көреді, бірақ сен бұны білмедің немесе ұмыттың.

Сен қайғыдан жылап-жылап, ұйықтап қалуың мүмкін, алайда Ол сенің қамыңды ойлауды тоқтатпайды. 
Ол саған сен үшін әлі беймәлім сыйлар әзірлеп қойды. Бірақ бұны білгеніңде, қуаныштан жылап жіберер едің. 

Ол Ұлық және Құдіретті және Ол ешкімге ұқсамайды.

Ендеше Оған шүкірлік етіп, мадақтаңдар!

 (Орыс тілінде желіде жарық көрген жазба. Авторы белгісіз. Аударған: Данияр Жігітбек)

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
9 жыл бұрын 5087
0 пікір
Блог туралы