Тарылғаны тыныстың,
Мұқалғаны қылыштың
Түсірмесін еңсеңді
Жүрегіңде болса өшпес
Үміт атты бір ұшқын!
Қайысқаны беліңнің,
Суалғаны көліңнің
Түсірмесін еңсеңді
Жүрегіңде болса Үміт -
Шамшырағы өмірдің!
Қолың талып, күш бітсе,
Алдан ауыр іс күтсе,
Үміт отын өшірме,
Белгілі, өмір көшінде
Көктем келер қыс бітсе...
Данияр Жігітбек