Егер әлемді жамбасына басқан, азуын айға білеген патшадан маған, иә, дәл маған арналған хат келсе, қандай күйде болар едім? Мен оқысын деп жіберген болса, демек, ішінде мен білуім қажет маңызды ақпарат бар болғаны. «Кейін оқимын» деп шетке ысыра салсам, білуім міндетті хабардан, орындауым тиіс әмірден ғапыл боп, арты өкінішке әкеп соғуы да мүмкін ғой. Бұл ғапылдығым үшін басым шабылып кетпесіне кім кепіл? Әрі менің, қарапайым жұмыр басты пенденің, сондай ұлық, бар әлем уысында болған патша көңіл бөліп, ардақтап, хат арнайтындай дәрежем де жоқ еді. Неге жазды екен? Кеудені үміт пен үрей билеп, хатты аштым. Қарасам, маған түсініксіз тілде жазылған. Енді қайттім?! Бұл тегін хат емес екені белгілі. Дереу хатта не жазылғанын аударып беретін адам іздеймін. Тіпті ит арқасы қиянда болса да, сондай адамды табуға аттанар едім, қызметіне бар малымды сарп етер едім, бастысы, хатта не жазылғанын түсінсем болды, басқасы маңызды емес...
Ал енді әлемдердің патшасы Алладан келген ұлы хат – Құранды қолыма алғанда, жүрегім дәл солай қобалжи ма екен?!
Егер жүрегім қалап, сүйген, ол да мені ерекше жақсы көретін, хабарын асыға күтетін жаннан маған, иә, дәл маған арналған хат келсе, қандай күйде болар едім? Жүрегім дүрсілдеп, сол хатты тағатсыздана ашып, оқуға асық болар едім. Әрбір сөз, үтір-нүктесін қалдырмай, мұқият оқып, жаныма дауа табамын. Бір оқығанымды 100 қайтара оқысам да, құмарым қанбайтындай. Тіпті жаттап алуға бармын. Қағаздың шіріп, сарғайып кетерін білсем де, оны барынша сақтауға тырысам. Қағаз бетінде қалмаған күннің өзінде, жүрегімде жазылып қалатын сөздер ғой бұл! Бұл – менің сүйіктімнің сөзі, бұл - менің сүйіктімнің сөзі! Хаттағы әр сөзден оның маған деген ерекше ықыласын сезіп, ішім жылып, шабыттанып, төбем көкке екі-ақ елі жетпегендей болар еді...
Ал енді мені ешкімде жоқ ерекше махаббатпен сүйген Алладан келген ұлы хат – Құранды қолыма алғанда, жүрегім дәл солай елжірей ме екен?!
Данияр Жігітбек
Хат
|
1 комментарий
-
Қайрат ЖолдыбайұлыАҚИҚАТ!!!9 лет назад
О блоге
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 год назадБөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 год назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 год назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 год назадДәурен добавил(-а) новую запись: "ҚАЗАҚТЫҢ күні НЕГЕ тәліптерге қарап қалуы мүмкін? ..."1 год назад2024, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.