Көптен күткен кездесу
Көптен күткен кездесу

Мен ол жайлы бұрыннан еститінмін. Кездескен адамдар оны көп мақтайтын. Керемет әсерімен бөлісетін. Сөйтіп менің де онымен кездескім келді. Қатты қаладым. Бірақ ыңғайы келмей жүрді. Күндердің бір күні кездесудің сәті түсті. Ұнады. Бірақ мен ойлағандай болмады. Шыны керек басында арамызда кейбір қиындықтар болды. Мүмкін бұған себеп өзім болған шығармын. Соған қарамастан ара-тұра кездесіп тұрдым. Сөйтіп уақыт өткен сайын оған деген ынтызарлығым артқанын сездім. Кездеспесем тұра алмайтын дәрежеге жеттім. Мен оған көп уақытымды бөлетін болдым. Ол да өз кезегінде маған ерекше күй сыйлады, жылы сезімге бөледі. Оның есімі ''таһаджуд намазы'' еді...

(Араб газеттерінің бірінде жарық көрген мақаладан алынған)

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
9 лет назад 5044
3 комментария
О блоге