Кеше қолыма "Көкжиек" баспасынан шыққан осы бір керемет кітап түсті. Бала тәрбиесі жайлы. Қазақ тілінде бұндай дүниелер жоқтың қасы еді. Ал мына еңбек сол олқылықтың орнын толтырғандай.
Аңдатпасында былай жазылған екен:
"Қолдарыңыздағы кітап әке-шешенің бала тәрбиелеуде ескеретін негізгі ұстанымдары мен ақыл-кеңестеріне құралған. Еңбек бүгінгі күннің тәрбие ісіне психологиялық әрі әлеуметтік тұрғыдан үлес қосуымен, бала тәрбиесін кешенді қолға алудың сан қырын ашып көрсетіп, күнделікті өмірден алынған мысалдар берумен құнды.
Кітап ата-ана мен жалпы тәрбиешілерге арналған."
Ішін, мазмұнын қарап шықтым. Құнды да қызықты мәліметтер баршылық. Өзіме бала тәрбиесі, тұлғалық даму сынды тақырыптар жақын. Сондай дүниелерді қызығып оқимын әрі өзгелермен бөліскім кеп тұрады. Себебі, ел ертеңі тікелей жас ұрпақтың тәрбиесіне байланысты, ал бала тәрбиесіне жұмсаған күш, уақыт - болашаққа жасалған үлкен инвестиция. Бәлкім белгілі бір себептерге байланысты ғылымда, өнерде, мәдениетте ойып орын ала алмаған шығарсыз. Бірақ болашақ Олимпиада чемпиондарын, Нобель сыйлығының иегерлерін, ел экономикасының дамуына үлес қосатын, тарихта есімі алтын әріптермен жазылатын тұлғаларды тәрбиелеп шығаруға сіздің әлеуетіңіз әбден жетеді. Осындай пайдалы кітаптар көмекші болсын. Дана Абай айтқандай "Артық білім - кітапта". Болашақ ата-ана! Баланы тәрбиелеудегі алғашқы қадам - өзіңді тәрбиелеу. Өзімізді жетілдірейік, пайдалы кітап оқиық, уақытымызды мағыналы өткізейік, қоғамға кішкентай болса да, пайдамызды тигізейік!
Бала тәрбиесі жайлы жаңа кітап
|
1 пікір
-
Nurqanat BaizaqЖақсы дүниені алып оқиық.9 жыл бұрын
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.