Менің болашақ жарым қандай?
Менің болашақ жарым қандай?

Кеше әңгіме үстінде досым Мағжан керемет бір естелігімен бөлісті. Ол Малайзияда оқуда жүрген кезінде профессорының айтқан ақыл-өсиетін айтып берген еді. Өзіме ерекше әсер етті. Профессордың айтқаны мынау болатын: ''Әркім өзіне лайық адаммен жанұя құрады: жақсы болсаңыз, жарыңыз да жақсы болады, жаман болсаңыз, жұбайыңыз да сондай болады. Бұл - Құранның ақиқаты, өмірдің заңы. Алла Қасиетті Кітабында ''Жақсы әйелдер жақсы ерлерге, жаман әйелдер жаман ерлерге'' деп айтады. Бұл сөздің мәніне терең бойлай бермейтінмін. Уақыт өте келе түсініп, таң қалдым. Көптеген жанұяларды сырттай бақылап, саралап көрдім. Жақсы деп ойлаған жігіттің әйелі нашар мінезді екенін көргенде, жоғарыдағы аяттың мәні қайда деп ойладым. Бірақ біраз уақыттан кейін сол жақсы деп ойлаған жігіттің былықтары шығып, біз ойлағандай емес екенін көрдім. Ондай мысалдарды көп кездестірген соң, Алла сөздерінің шындығына көз жеткіздім. Менің бойдақтарға айтарым: болашақ жарың қандай болғанын қаласаң, әуелі өзің соған лайық болуға тырыс. Білімді болғанын қаласаң, өзің біліміңді арттыр, көркеммінезді болғанын қаласаң, өз мінезіңді жөнде, тақуа болғанын қаласаң, өзің тақуалық таныт.'' Өте керемет ойлар!

Жалпы жоғарыдағы аятты, профессордың сөздеріндегі ойды бұрыннан білсем де, осы жолы ерекше әсерлендім. Терең сезінгендей болдым. Мен болашақ жарымның қандай болатынына алаңдап, қатты бас қатырмаймын, бірақ өзімнің қандай екеніме уайым жеймін. Себебі Алланың маған нәсіп етер жары жақсы не жаман болуы тікелей өзіме байланысты екенін сеземін. Өз кемшіліктеріммен жұмыс істеп, мінезімді, амалдарымды көркемдеу керектігін түсінем. Алладан бүгінім кешегімнен, ертеңім бүгінімнен жақсы болуын сұраймын!

Данияр Жігітбек

16.02.2015, Мюнхен

 

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
9 жыл бұрын 10964
3 пікір
  • Осы жазбаңызды алғаш оқыған кезден өзіме басқаша қарай бастаған едім. Кемшіліктерімді түзеп дегендей) "Әлидей (р.а.) күйеу қаласаң, Фатимадай қыз бол" дейтін бе, еді?))) Ой салар жазбаңыз үшін рахмет!
    9 жыл бұрын
  • Тілектеріңіз бен дұғаларыңыз қабыл болып, армандарыңызға жетуге тілекшіміз Данияр!
    9 жыл бұрын
  • Бұл өте дұрыс! Балаларыма дәл осылай айтамын.Тағы бір ұққаным, жұбайлардың сәл-пәл мінездерінде кемшілік болып,Алла Тағала сонымен бізді сынайтын секілді. Бір-бірімізді тәрбиелеу арқылы сауап жинайсын.Жаратқан Ием жастарымызға көркем мінез беріп,адал жұбайлар нәсіп етсін!
    9 жыл бұрын
Блог туралы