Пайғамбарға сый
Пайғамбарға сый

Шын сүйгенге жүрегің байланғанда,
Сый қылсам дейсің көңіл қойған жанға.
Тостағанға жүзім сап, бір кедей кеп,
Тарту етті сүйікті Пайғамбарға.

Ұнағандай Оған бұл жүзімдері:
Қолына алып бір-бірлеп үзіп жеді. 
Төбесі көкке екі елі жетпегендей,
Күлкіні көріп Нәби жүзіндегі. 

Әр ісінде Нәбидің сабақ тұнды,
Сахабалар таңырқап қарап тұрды.
Бұл жолғы сыйды ешкіммен бөліспеуін
Түсінуге біреуі талап қылды:

- Тауыстыңыз жүзімнің бәрін жалғыз,
Сыр көрдік күліп тұрған шағыңнан біз.
Нәбиім, неге бір дәм татқызбадың,
Жаныңыздан әрдайым табылғанбыз?

- Бар еді мен жасаған істің мәні,
Татып көрсем, жүзімнің қышқыл дәмі. 
Білдірместен жымидым, 
Көрдіңдер ме
Жүзіндегі шаттықтың ұшқындарын?

Сендерге бөліп берсем, байқар едің,
''Мынауың қышқыл ғой'' деп айтар едің.
Кедейдің көңіліне тиетін сөз
Айтылып, 
Ренжітсе оны қайтер едім?...

Пайғамбарын шын сүйіп, ұнатқан жан
Үлгі алсын мысал қылып бұл айтқаннан. 
Бауырыңды ренжіту ауыр екен,
Жетпіс мәрте Қағбаны құлатқаннан!

Данияр Жiгiтбек

Данияр ЖігітбекДанияр Жігітбек
8 жыл бұрын 4437
2 пікір
  • Керемет!
    8 жыл бұрын
  • Бір хадисті әдемі өлеңге сыйдырып бергеніңіз сондай әдемі шығыпты, Данияр. Сіздің осындай өлеңдеріңізді оқыған діннен алыс жанның өзі Пайғамбарымыздың тұлғасын танып-білмекке қызыға бастайды деп ойлаймын!
    8 жыл бұрын
Блог туралы